Өңделген ет деменция қаупін арттырады

Бұл туралы Гарвард университетінің ғалымдары мәлімдеді.

2231775
Өңделген ет деменция қаупін арттырады

Өңделген қызыл етті көп пайдалану деменция қаупін арттыруы мүмкін.

Гарвард университетіне қарасты  «T.H. Chan»  қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің зерттеушілері шұжық сияқты өңделген қызыл ет өнімдерін көп тұтынатын адамдардың деменцияға шалдығу қаупі жоғары екенін анықтады.

«Зерттеуде орташа жасы 49 және деменция диагнозы жоқ 134 000-ға жуық қатысушы әр 2-4 жыл сайын тамақ күнделігін толтырып, жейтін тағамдары мен олардың жиілігі туралы ақпарат берді», - деп хабарлайды «Science Daily».

Зерттеушілер күнделікті тұтынған ет өнімдерінің орташа мөлшеріне қарай қатысушыларды «аз тұтынушы», «орташа тұтынушы» және «жоғары тұтынушы» деп үш топқа бөлді.

Зерттеу көрсеткендей өңделген қызыл ет өнімдерін көп тұтынатын адамдарда аз тұтынушылармен салыстырғанда деменция диагнозы 13 пайызға артқан.

Зерттеу өңделмеген қызыл етті көбірек тұтынатын адамдар мен аз тұтынатын адамдар арасында деменция диагнозын қою қаупінде ешқандай айырмашылық жоқ екенін көрсетті.

Сонымен қатар зерттеушілер күніне бір порция өңделген қызыл еттің орнына жаңғақ немесе бұршақ дақылдарының бір порциясын тұтынудың деменция қаупін 19 пайызға, балық  28 пайызға және құс еті 16 пайызға төмендететінін мәлімдеді.

Зерттеу нәтижелері «Journal of the American Academy of Neurology» журналында жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар