2024- ең ыстық жыл

2024 жыл ең ыстық жыл ретінде тіркелді.

2228163
2024- ең ыстық жыл

Еуропалық Одақтың (ЕО) “Copernicus” спутниктік бақылау жүйесінің мәліметінше 2024 жыл 1850 жылға дейінгі жаһандық температура көрсеткіштері жазбаларындағы ең ыстық жыл болды.

15,10 градусқа жеткен жаһандық орташа температура 1991-2020 жылдар аралығындағы орташа көрсеткіштен 0,72 градусқа, ал алдыңғы ең ыстық жыл болған 2023 жылдан 0,12 градусқа жоғары болды.

Осылайша 2024 жыл алғаш рет 1850-1900 жылдарды қамтитын "өнеркәсіптік дәуірге дейінгі кезеңнің" орташа көрсеткішінен 1,5 градусқа асып түсті. 2023 жылы бұл көрсеткіш 1,48 градусқа жоғары болған еді.

2024 жылдың 22 шілдесінде жаһандық орташа тәуліктік температура 17,16 градусқа жетіп, жаңа рекорд орнатты.

2024 жылдың қаңтарынан маусым айына дейінгі әр ай бұрынғы жылдардың дәл сол айларындағы көрсеткіштен жылырақ болды.

Сондай-ақ 2024 жылдың жазы ең ыстық жаз ретінде тіркелді.

“Copernicus” климаттың өзгеруі қызметінің директоры Карло Буонтемпоның мәлімдемесінде: "Халықаралық деңгейде жасалған барлық жаһандық температура мәліметтері 2024 жылдың 1850 жылдан бергі ең ыстық жыл екенін көрсетеді. Адамзат өз тағдырына жауапты, бірақ климаттық қиындықтарға қалай жауап беруіміз ғылыми дәлелдерге негізделуі керек. Болашақ біздің қолымызда. Жылдам және батыл әрекет ету болашақ климатымыздың бағытын әлі де өзгерте алады."- деді.



Ұқсас жаңалықтар