Газадағы оқиғалар фильмде көрініс тапты
Газадағы оқиғалар "From Ground Zero" фильмінде көрініс тапты.
Израильдің Газаға шабуылдары басталғалы бері аймақтағы оқиғалар мен адамдардың тағдыры "From Ground Zero" фильмінде көрініс тапты.
Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) прокатқа шыққан бұл туындыны Авс- Ал- Банна, Ахмед Ал- Данф, Базил Ал- Макуси және Мұстафа Ад-Наби сынды палестиналық режиссерлер түсірген. Фильм деректі, экшн, драма және анимация жанрларын қамтитын 22 қысқа фильмнен тұрады.
Оскар жүлдесінің иегері америкалық режиссер, продюсер, сценарист және жазушы Майкл Мур “X” әлеуметтік желісінде Газадағы жағдайға назар аударып, былай деп мәлімдеді:
«Өздерін жою туралы хикаяны ешбір режиссер, жазушы немесе суретші баяндауға мәжбүр болмауы керек. 22 батыл палестиналық режиссер өткен жылы Газадағы үйлері мен қалаларының қирандыларынан тапқан кез келген құралды пайдаланып, өз тарихтарын кино тілінде баяндаудың жолын тапты.»
Майкл Мур сөзін жалғай отырып, «'From Ground Zero' атты керемет фильмде мен атқарушы продюсері болғаныма мақтанамын. Бұл туынды 2 сағаттан аз уақыттың ішінде осы тақырыпты ашатын қысқа фильмдер жиынтығынан құралған. Шындығында дәл осы фильмнің бар болғанының өзі – адамгершілік пен кинематография тұрғысынан бір ғажайып. 'From Ground Zero' фильмін көріңіздер», — деп үндеу жасады.
Сондай-ақ ол бұл фильмнің 97-ші Оскар сыйлығы аясында «Халықаралық толықметражды фильм» аталымы бойынша іріктелген 15 фильмнің бірі екенін атап өтті.