Ферди Тайфур дүниеден озды

Ферди Тайфурдың сүйегі Стамбулға жеткізіліп, ертең жерленеді.

2226480
Ферди Тайфур дүниеден озды

Арабеск деп аталатын музыка түрінің шеберлерінің бірі Ферди Тайфур Анталияда ауруханада дүниеден озды.

Бұл хабарды естіген тыңдармандары атақты өнер иесімен қоштасу мақсатында ауруханаға ағылды.

79 жасында өмірден озған Ферди Тайфурдың сүйегі Стамбулға жеткізіліп, ертең жерленеді.

Әндері және шебер орындауымен миллиондардың жүрегін жаулаған әнші 9 рет «Алтын рекорд» жүлдесін жеңіп алып, 30-дан астам альбом шығарды. Ол сонымен бірге  30-дан астам фильмде басты рөл сомдаған.



Ұқсас жаңалықтар