Алжирде Түрік Маариф қорының білім беру орталығы ашылады

Бұл туралы Алжир Президентінің Жарлығы Ресми газетте жарияланды.

2219473
Алжирде Түрік Маариф қорының білім беру орталығы ашылады

Алжир Түрік Маариф қоры білім беру орталығын ашу үшін  келісімін берді.

Түркияның Алжирдегі елшілігінен алынған мәліметке қарағанда Түрік Маариф қорына қарасты Халықаралық Маариф білім орталығын ашу туралы Алжир Президентінің Жарлығы Ресми газетте жарияланды.

Алжирде Халықаралық Маариф білім беру орталығының ашылуына байланысты келісімнің бекітілгенін білдіретін заң Түркияның Ресми газетінде 2023 жылы 29 желтоқсанда жарияланған болатын.

Түркия атынан шетелде білім беру қызметін жүзеге асыру құзіретіне ие, 2016 жылы 17 маусымда құрылған Халықаралық Маариф қоры бүкіл әлем бойынша мектепке дейінгі білім беруден жоғары білімге дейін кең ауқымды білім беру қызметтерін ұсынады.

Түркия Маариф қоры 55 елде бір университет, 471 оқу орны, 12 Түркия зерттеу орталығы және 44 студенттік жатақханасымен белсенді түрде қызмет көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар