Тәтті мереке: түрік баклавасы Бакуде таныстырылады
Түркияның әлемге әйгілі түрік баклавасы 15 желтоқсан күні Әзербайжанда таныстырылады.
Түркияның әлемге әйгілі түрік баклавасы 15 желтоқсан күні Әзербайжанда таныстырылады.
Баклава және тәтті өндірушілері қауымдастығының (BAKTAD) хабарлауынша биыл 13-рет өткізілетін "Дәстүрлі баклава фестивалі" Әзербайжанның астанасы Бакуде ұйымдастырылады.
Фестивальдің мақсаты — Түркияның Еуропалық Одақтан (ЕО) алғашқы географиялық белгі сертификатын алған әлемге әйгілі түрік баклавасын және Әзербайжанның танымал дәмдерінің бірі Баку баклавасын бірге таныстыру. Іс-шараға Түркиядан келген сала өкілдері мен жетекші брендтермен бірге 100 адамдық делегация қатысады.
Фестивальде Түркияға тән 60 түрлі тәтті, оның ішінде кәдімгі пісте, жаңғақ, мидия түріндегі, шөбиет, сәбіз тілімдері және суық баклава сияқты түрлері ұсынылады. Әзербайжан тарапынан 10 түрлі баклава, оның ішінде Баку, Габала және Шеки баклавалары көрсетіледі.
Фестивальдің мақсаты — Түркия мен Әзербайжан бауырластығын бүкіл әлемге көрсету және түрік баклавасын Әзербайжаннан әлемге тағы бір рет таныту. Шара барысында қонақтарға 20 мың тілім баклава таратылатын болады.
Сондай-ақ фестиваль аясында түрік баклавасының өндірістен тұтынуға дейінгі жолы таныстырылып, көрмеге қойылады. Қонақтар күні бойы ерекше дәмнің ғажайып әлеміне саяхаттайды.