Анадолы опера және балет фестивалі басталды
Шырнактан кейін осы фестиваль 8-10 желтоқсан күндері Ерзинджан қаласында жалғасады.
Мемлекеттік опера және балет бас басқармасы биыл алғаш рет ұйымдастыратын «Анадолы опера және балет фестивалі» Анадолының көне қаласы Шырнак қаласында өтеді.
Анкара мемлекеттік опера және балетінің орындауындағы Шехр-и Нух концерті ертең Шырнак университетінің Конгресс және мәдениет орталығы залында музыка сүйер қауымға ұсынылады.
Концертте түрік классикалық музыка туындыларымен қатар Муш, Шырнак, Адыяман, Диярбакыр, Ван, Газиантеп және Диярбакыр халық әндері, Әзербайжанды әлем сахналарында таныстырған «Аршын Мал Аланның» бір бөлімі орындалады.
Оркестрді бағлама, ней, флейта, барабан және кемане сынды аспаптарда ойнайтын өнерпаздар сүйемелдейді.
Фестиваль аясында Анкара мемлекеттік опера және балет дирекциясының «Сиқырлы әлем» атты балалар пьесасы да сахналанады. Осылайша балалар опера, оркестр және аспаптармен танысады.
Шырнактан кейін осы фестиваль 8-10 желтоқсан күндері Ерзинджан қаласында жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
«Галатасарай» «Динамо Киев» командасымен ойнайды
«Галатасарай» командасы Еурокубоктағы 325-ші ойынын өткізеді.