Неміс туристердің таңдауы – Түркия

Бұл туралы Германияның «TUI» туристік компаниясы мәлімдеді.

2217792
Неміс туристердің таңдауы – Түркия

 

Түркия келесі жазда да неміс туристердің  ең таңдаулы елі болады.

Германияның жетекші туристік компаниясы «TUI» Түркия неміс туристер үшін танымал туристік орынға айналғанын хабарлады.

«TUI» компаниясының мәлімдемесінде «Түркия германиялық туристер үшін бірінші орында және «TUI» компаниясы деректері бойынша 30 пайыздан астам өсім бар» деді. Алдағы жаз маусымында да Түркияда бір миллионнан астам туристпен 2024 жылдың жазғы табысынан асып түсуді қалайтындарын айтқан «TUI» компаниясы «Германиядан Анталия, Даламан, Бодрум және Измирге рейстер апта сайын 1600-ден астам байланыспен кеңейтілді» деді.  

Қысқы маусымда да өсім болғанына назар аударып,  «Қыс айларында Түркияда  демалушылардың саны артып келеді. Брондау 30 пайыздан асып, «Түрік Ривьерасы» Жерорта теңізі туризм орталықтары мен танымалдық рейтингінде Хургада мен Фуэртевентурадан кейін үшінші орында» делінген.



Ұқсас жаңалықтар