Анталия «2025 жылы D-8 туризм қаласы» марапатын иеленді
Бұл туралы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді.
2217357
Анталия «2025 жылы D-8 (Дамушы сегіз ел) туризм қаласы» марапатын жеңіп алған алғашқы қала болды.
Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой әлеуметтік желі парақшасында Анталияның тағы да көшбасшы екенін жариялады. Әлемнің таңдаулы туризм орталықтарының бірі Анталияның Дамушы сегіз ел ұйымының (D-8) «2025 D-8 туризм қаласы» марапатын жеңіп алғанын және бұл атаққа ие болған алғашқы қала болғанын айтқан Ерсой «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін сансыз өркениеттің бесігі, мәдени байлығын табиғи сұлулығымен үйлестіріп туристерге ұмытылмас демалыс ұсынатын бірегей қаламыз Түркияның ғана емес, әлемнің де ең таңдаулы туристік орталықтардың бірі болып қала бермек» деді.