5 желтоқсан – Дүниежүзілік түрік кофесі күні

2013 жылдан бастап 5 желтоқсан Дүниежүзілік түрік кофесі күні ретінде тойланады.

2216763
5 желтоқсан – Дүниежүзілік түрік кофесі күні

5 желтоқсан Дүниежүзілік түрік кофесі күніне орай Женевада екі бірдей шарада түрік кофесі таныстырылды.

Алдымен бір қонақ үй қонақтарына, одан кейін Женевадағы «Ecole Hoteliere de Geneve» беделді қонақүй менеджменті, туризм және гастрономия мектебі студенттеріне түрік кофесі мен түрік локумы ұсынылды. Сонымен қатар түрік кофесінің пісіру әдістері туралы ақпарат берілді.

Түрік кофесі 2013 жылы 5 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ЮНЕСКО) материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген болатын.

2013 жылдан бастап 5 желтоқсан Дүниежүзілік түрік кофесі күні ретінде тойланып келеді.



Ұқсас жаңалықтар