Мирей Матье Түркияда концерт береді
Әлемге танымал француз әнші Мирей Матье Түркияда концерт береді.
Әлемге танымал француз әнші Мирей Матье Түркияда концерт береді.
«La Paloma Adieu», «Mon Credo» және «Une Histoire d'Amour» әндерімен танылған Матье «60-жылдық» турнесі аясында 20 ақпанда Стамбулда, 22 ақпанда Анкарада тыңдармандарымен кездеседі.
Әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетіп, 11 тілде 1200-ден астам ән шырқаған өнерпаз вокалы мен сахналық өнерімен музыка әлемінде көпшіліктің қошеметіне бөленді.
«Эдит Пиафтың мұрагері» және классикалық француз шансон стилінің өкілдерінің бірі ретінде қабылданатын Мирей Матье «Анадолы» агенттігіне берген мәлімдемесінде Түркияда өнер көрсетуді асыға күтетінін айтты.
Түркияға соңғы рет 20 жыл бұрын келгенін еске салған Матье «60 жылдық карьерамды тойлайтын сапарым аясында түрік көрермендерімен қайта қауышатыныма қуаныштымын» деді.