Анталияға келуші турист саны 8 пайызға артты

Бұл туралы Түркия Мәдениет және туризм министрлігі мәлімдеді.

2216115
Анталияға келуші турист саны 8 пайызға артты

 

Түркияның туризм орталығы Анталия әлем бойынша туристердің ең таңдаулы бағыттарының қатарында болуын жалғастыруда.

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің деректеріне қарағанда Анталияға жылдың алғашқы 11 айында келген турист саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайыз артып, 16 миллион 606 мың 501-ге жетті.

Жергілікті және шетелдік туристердің назарын аударған Анталия туризмі қараша айында 17,21 пайыз өсіп, 474 мың 654 туристі қабылдаған.  Турист саны жағынан Германия көш бастап тұр. Қараша айында Германиядан 138 мың 197,  Ресей Федерациясынан 98 мың 471, Ұлыбританиядан 52 мың 500 турист келген. Ұлыбританиядан кейін Польша, Украина, Литва, Нидерланды, Қазақстан, Бельгия және Австрия бар.

Министрліктің 11 айлық деректеріне қарағанда Ресей Федерациясы турист саны (3 миллион 863 мың 164) бойынша бірінші, Германия (3 миллион 436 мың 351 турист) екінші, Ұлыбритания (1 миллион 539 мың 929) үшінші орында. Ұлыбританиядан кейін Польша, Нидерланды, Қазақстан, Румыния, Украина, Чехия және Литва бар.



Ұқсас жаңалықтар