Алкоголь ер адамдардың шашын түсіреді

Бұл туралы кореялық ғалымдар мәлімдеді.

2214298
Алкоголь ер адамдардың шашын түсіреді

Ер адамдардың шаш түсу мен алкоголь тұтыну арасында байланыс анықталды.

Оңтүстік Кореяның Пусан ұлттық университетінің ғалымдары алкогольді үнемі тұтынатын ерлердің андрогенетикалық алопецияға (AGA-генетикалық бейімділігі бар ерлерде шаш түсу) шалдығу ықтималдығы 1,4 есе жоғары екенін хабарлады.

Ғалымдар нақты себебін таппаса да олар алкоголь метаболизмінің жанама өнімі ацетальдегидпен байланысты болуы мүмкін деген пікірде.

Сонымен қатар сарапшылар шаштың түсуінің басқа себептері қартаю, стресс, қатерлі ісік, салмақ жоғалту және темір тапшылығы болуы мүмкін екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар