Шамадан тыс тұз бүйрек, жүрек ауруларына себеп

Бұл туралы Тракья университеті медицина факультетінің деканы профессор Седат Үстүндаг мәлімдеді.

2213927
Шамадан тыс тұз бүйрек, жүрек ауруларына себеп

Тракья университеті медицина факультетінің деканы профессор Седат Үстүндаг тұзды шамадан тыс тұтынудың бүйрек жеткіліксіздігі мен жүрек аурулары қаупін арттыратынын айтты.

Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берген Үстүндаг тұзды шамадан тыс тұтынудың денеде судың бірігуіне себеп болатынын айтып, «Бұл жағдай тамыр бұлшықеттерінің жиырылуын арттырып, қан қысымын көтереді. Қан қысымы көтерілгенде тұз бүйректі зақымдап қана қоймайды, жүректің кеңеюіне, инфаркт пен инсультке әкелуі мүмкін» деді.

Профессор Үстүндаг сау адам бүйрегі күніне орта есеппен 5 грамм тұзды кетіре алатынына назар аударып, бұл мөлшерден аспауды ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар