Түркияға келуші туристер саны артты

Бұл туралы Мәдениет және туризм министрлігі мәлімдеді.

2212913
Түркияға келуші туристер саны артты

 

Түркияға жылдың алғашқы 10 айында 47 миллион 306 мың 764 шетелдік турист келді.

Мәдениет және туризм министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туристер саны 7,03 пайыз артты.

Жылдың алғашқы 10 айында Түркияға ең көп турист жіберген елдер тізімінде 6 миллион 249 мың 998 туристпен бірінші орында Ресей, 6 миллион 83 мың 421 адаммен екінші Германия, 4 миллион 209 мың 967 адаммен Англия үшінші орында. Англиядан кейін Иран мен Болгария тұр.

Түркияға қазан айында келген шетелдіктер саны өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 9,25 пайыз артып, 5 миллион 448 мың 459-ға жетті.

Түркия қазан айында ең көп келушілерді қабылдаған елдер тізімінде 925 мың 928 адаммен Германия бірінші, 776 мың 618 адам адаммен Ресей Федерациясы екінші, 530 мың 586 адаммен Англия үшінші орынға шықты.  Кейін Иран мен Болгария орын алды.

 



Ұқсас жаңалықтар