Түрік шедеврі Парижде сатылды

Осман Хамди Бейдің «Бурса Ұлы мешіті алдында» атты картинасы Париждегі ашық аукционда сатылды.

2212731
Түрік шедеврі Парижде сатылды

Осман Хамди Бейдің «Бурса Ұлы мешіті алдында» атты картинасы Францияның астанасы Париждегі ашық аукционда 571 мың 500 еуроға сатылды.

 

Түрік өнер тарихының ең маңызды суретшілерінің бірі, «Тасбақа тәрбиешісі» атты танымал туындының иесі Осман Хамди Бейдің картинасы Париждегі Друо аукцион үйінде сатылымға шықты.

 

Хамди Бейдің 1879 жылғы «Бурса Ұлы мешіті алдында»  атты картинасы аукционда 571 мың 500 еуроға сатып алушы тапты. Картинаны Түркияда тау-кен компаниясы бар бір тұлға телефон арқылы сатып алғаны жарияланды.

 

Осман Хамди Бейдің майлы боямен салған 60x42 сантиметр өлшемді туындысы суретшінің өзіндік стилінің ең маңызды мысалдарының бірі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар