Адамзат тарихындағы ең ескі әліппе табылды
Сириядағы ежелгі қабірлерде ең ескі әліппе табылды.
Ғалымдар адамзат тарихындағы ең ескі әліппені тапты.
«Science Daily» журналының хабарлауынша ғалымдар Сирияның ең ескі қала орталықтарының бірі болып табылатын Умм-ель Маррадағы ежелгі қабірлерде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Қола дәуірінен қалған бұл қабірлерде алтын және күміс әшекейлер, 6 сүйек, асүйлік ыдыстар, қыш-құмыра бұйымдары мен найза ұшы қоса үстінде жазулары бар саусақ ұзындығында 4 саз цилиндр табылды.
Қазба жұмыстарын жүргізетін зерттеу тобының мүшесі Джон Хопкинс университетінің профессоры Гленн Шварц радиокарбон даталау әдісі арқылы тексерілген жазулардың б.з.б. 2400 жылдарына жататыны анықталғанын хабарлады.
Шварц бұл жазулардың белгілі басқа әліппе жүйелерінен шамамен 500 жыл бұрын жасалғанын атап өтіп, алғышқы әліппенің б.з.б. 1900 жылдан кейін Мысырда немесе оның айналасында ойлап табылғанына деген сенімдерді өзгертуге әкелетінін айтты.
Табылған цилиндрлердің үстіндегі жазулар қабірден шыққан заттардың қайдан келгеніне немесе кімге тиесілі екеніне қатысты сұрақтарға жауап беруі мүмкін деп бағалаған Шварц "Жазуды аударатын құрал болмағандықтан біз тек болжам жасай аламыз," деп хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
5 желтоқсан – Дүниежүзілік түрік кофесі күні
2013 жылдан бастап 5 желтоқсан Дүниежүзілік түрік кофесі күні ретінде тойланады.
Мирей Матье Түркияда концерт береді
Әлемге танымал француз әнші Мирей Матье Түркияда концерт береді.