Әлемдегі ең үлкен маржан табылды
Бұл маржан— теңіздің тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірегей дереккөзі.
Ғалымдар Оңтүстік-Шығыс Тынық мұхитының Сүлеймен аралдарында әлемдегі ең үлкен маржанды тапты.
Бұл маржан жалғыз организмді құрайтын көптеген кішкентай тірі ағзалардан тұрады және шамамен 300 жылдық екені болжануда.
Өлшемі жағынан көк киттен де үлкен бұл маржан «National Geographic» медиатобының экспедициясы кезінде табылған.
«National Geographic» кемесінде қызмет атқаратын видеограф Ману Сан Феликс маржанды кеме батқан аумақта сүңгу кезінде байқады.
«Pavona clavus» түріне жататын бұл маржанда асшаян, шаян, балық және басқа теңіз тіршілік иелері мекендейді.
Сонымен қатар бұл маржан теңіздің тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірегей дереккөзі болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
Алжирде Түрік Маариф қорының білім беру орталығы ашылады
Бұл туралы Алжир Президентінің Жарлығы Ресми газетте жарияланды.
Тәтті мереке: түрік баклавасы Бакуде таныстырылады
Түркияның әлемге әйгілі түрік баклавасы 15 желтоқсан күні Әзербайжанда таныстырылады.