Түрік ертегілері әлем тілдеріне аударылды
Неміс, ағылшын, француз, орыс, араб және парсы тілдеріне аударылған түрік ертегілері жапон және испан тілдеріне де аударылды.
Ататүрік Мәдениет орталығының "Түрік ертегілері жинағы" жобасы аясында неміс, ағылшын, француз, орыс, араб және парсы тілдеріне аударылған түрік ертегілері жапон және испан тілдеріне де аударылып, әлемнің түкпір-түкпіріне таратыла бермек.
Ататүрік мәдениет орталығының президенті доцент Зеки Ераслан Түрік тарих қоғамы мен Ататүрік мәдениет орталығы төрағалығының ұйымдастыруымен Едирне губернаторлығының Деведжихан сарайында ұйымдастырылған «Едирнедегі Османлы болмысы және Селимие симпозиумында» жасаған баяндамасында алғаш рет жарық көретін көптеген жобаны жүзеге асырып жатқандарын атап өтті.
Олардың бірі "Түрік ертегілері жинағы" жобасы екенін айтқан Ераслан осы жоба аясында исламдық дәуірге дейінгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін Түркияға тиесілі ертегілерді дерекқорда жинақтайтын «Masal Masal Türkiye» мобильді қосымшасының іске қосылғанына назар аударды.
Дүниежүзілік ертегі әдебиетіне түрік ертегілерін енгізуді мақсат еткенін айтқан Ераслан:
«Біздің мақсатымыз – әлем балаларын түрік ертегілерімен таныстыру. Өз ертегілерімізді шет тілдеріне аудару арқылы ғана бұл мақсатқа жететінімізді біліп, қазіргі таңда түрік ертегілерін неміс, ағылшын, француз, орыс, араб және парсы тілдеріне аудардық. Сонымен қатар жапон және испан тілдеріне аудару процесі жыл соңына дейін аяқталады. Бұл қосымшаны жақын арада электрондық дүкендерден шет тілдерінде іздеп, жүктеп алуға болады. Қазірдің өзінде елімізде және көптеген басқа елде бұл қосымша мобильді құрылғыларға жүктеліп жатқанын қуанышпен бақылаудамыз. Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігі мен Ұлттық білім министрлігімен жасалған ынтымақтастық келісімдерімен жақын арада бұл мобильді қосымша миллиондаған балаға қолжетімді болады.» -деді.
Ұқсас жаңалықтар
Тәтті мереке: түрік баклавасы Бакуде таныстырылады
Түркияның әлемге әйгілі түрік баклавасы 15 желтоқсан күні Әзербайжанда таныстырылады.
Дәстүрлі «тулум» аспабы ЮНЕСКО-ның тізімінде
Бұл туралы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді.