Гүвержинлик алқабы қонақтарын түнде де қабылдайды

Бұл туралы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеме жасады.

2204500
Гүвержинлик алқабы қонақтарын түнде де қабылдайды

Түркия туризмінің көрнекті жері Невшехирдегі Учхисардан Каппадокиядағы Гөремеге дейін созылған Гүвержинлик алқабы тарихи және табиғи сұлулығымен түнде де қонақтарын қабылдайды.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой әлеуметтік желі парақшасында «біз Республикамыздың 101 жылында Каппадокияның кереметін қонақтарға көрсетудеміз...» деген жазба бөлісті.

Ерсой «Учхисардан Гөремеге дейінгі Гүвержинлик алқабы тарихи және табиғи сұлулығымен енді түнде де қонақтарын қабылдайды. Аңыздарға арқау болған және Республикамыздың нұрымен нұрланатын осы бірегей сұлулық түнгі мұражай бағдарламасы аясында әрқашан  жарқырайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар