Италияда «Гөбеклитепе» көрмесі ашылды
Колизейдегі көрме 2025 жылдың 2 наурызына дейін ашық болады.
Тарихтың бастауы ретінде белгілі Шанлыурфадағы Гөбеклитепе Италияда таныстырылуда.
Римнің әлемге әйгілі симфолы Колизейде «Гөбеклитепе: қасиетті жердің құпиясы» көрмесі ашылды.
Колизей және Рим Форумы археологиялық бөлімінің директоры Альфонсина Руссо ұйымдастырған көрменің ашылуына Италия баспасөзі үлкен қызығушылық танытты.
12 мың жылдық тарихы бар әлемдегі ең көне ғибадатхана болып саналатын және Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ЮНЕСКО) Дүниежүзілік мұра тізіміне енген Гөбеклитепедегі үш жәдігердің тас көшірмесі, Гөбеклитепе қабылдау орталығында көрсетілген фильмдердің қысқа нұсқасы итальянша субтитрімен көрсетілді.
Салтанатты ашылуда түрік және итальяндық тағамдар ұсынылды.
Колизейдегі көрме 2025 жылдың 2 наурызына дейін ашық болады.