Анталияда туризм көрмесі ашылды

6-шы Анталия Туризм көрмесі ұйымдастырылды.

2202176
Анталияда туризм көрмесі ашылды
antalya turizm fuari.jpg
antalya turizm fuari.jpg
antalya turizm fuari.jpg


Анталия Туризм көрмесі 6-шы рет жергілікті және шетелдік туризм мамандарын Анталияда жинады. 
«GMT көрмелік компаниясы» ұйымдастырған шараға Анталия Халықаралық Көрме және Конгресс Орталығында 350-ге жуық фирма қатысты. 
Әкім Хулуси Шахин көрменің ашылуында сөйлеген сөзінде соңғы жылдары туризмнің үлкен серпіліс жасағанын айтты. 
Шахин: "Өткен жылы 16,7 миллион шетелдік туристі қабылдадық. Биыл 8%-дық өсіммен өткен жылдағы көрсеткішті арттырамыз деп ойлаймыз. Бұл ең үлкен рекордымыз болмақ," – деді. 
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Премьер-министрінің орынбасары Туризм, мәдениет, жастар және қоршаған орта министрі Фикри Атаоғлы да туризмнің ел экономикасына маңызды үлес қосқанын атап өтіп, СКТР-ге инвестиция салған туризм мамандарына алғыс айтты.
Жаңа ашылған әуежайдың қалада жолаушы тасымалдауда жайлылық пен жеңілдік ұсынатынын айтқан Атаоғлы: "Әртүрлі елден қонақ қабылдай бастадық. Атқарылған жоспарлы жұмыстар туризмдегі үлесімізді арттыруда," – деді. 
Көрме 25 қазанда аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар