Адыяманда 3000 жыл бұрынғы 10 елді мекен табылды

Тарихи елді мекендер Кахта ауданындағы Ататүрік бөгет тоғанының жағасынан анықталды.

2202030
Адыяманда 3000 жыл бұрынғы 10 елді мекен табылды

Адыяманның Кахта ауданындағы Ататүрік бөгет тоғанының жағасында жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесінде 3 мың жыл бұрынғы қоныстану аймағы анықталды.

Адыяман мұражай басқармасы қызметкерлері Белөрен ауылдық аймағындағы бөгет тоғанының жағасындағы тарихи аймақтарды анықтау үшін зерттеу жұмыстарын бастады.

Өңірге барған арнайы топ аймақта барлау және қайықпен жағаларды зерттеу арқылы 3000 жыл бұрынғы 10 елді мекенді анықтады.

Адыяман мұражайының директоры Мехмет Алкан «Біз мұнда жартас қалашықтарынан тұратын 10 елді мекенді анықтадық. Табылған қыш ыдыстар сол дәуірде өмір сүрген адамдар болғанын көрсетеді. Сонымен қатар далалық зерттеу барысында арна пішінді қуыстар мен бөлме типті қоныс аймақтарын көрдік» деді.



Ұқсас жаңалықтар