TRT-нің сериалы Каннда

TRT-нің "Мехмед: Жеңістердің Сұлтаны" сериалы халықаралық көрерменге таныстырылды.

2201577
TRT-нің сериалы Каннда


Францияның оңтүстігіндегі Канн қаласында өтетін әлемдегі ең ірі контент көрмелерінің бірі «MIPCOM-ның» алғашқы күнінде TRT-нің "Мехмед: Жеңістердің Сұлтаны" телехикаясы халықаралық көрерменге таныстырылды.
Телевизия және өндіріс секторын кездестіретін «MIPCOM» көрмесі Канн конгрес және фестиваль сарайында басталды.
Көрменің алғашқы күнінде өткен көрсетіліммен TRT-нің "Мехмед: Жеңістердің Сұлтаны" телехикаясы әлемнің төрт бұрышынан келген көрерменге таныстырылды.
Көрмеде сериалының көрсетіліміне қатысқан TRT Бас директорының орынбасары Зияд Варол Фатих Сұлтан Мехмедтің теңдессіз тарихын әлемге таныстырғандарын мақтанышпен білдірді. "Бұл жоба түрік телевизиясының тарихындағы ең өршіл өнімдердің бірі және жаһандық деңгейде де әйгілі бола алады",-  деді ол.
Түркияда 27 ақпанда көрсетілімге шыққан "Мехмед: Жеңістердің Сұлтаны" телехикаясының қазірге дейін 19 бөлімі көрсетілді.
Осман империясының өркендеуін эпикалық түрде экранға алып шыққан телехикая тарихтан шабыт алып жазылған.
24 қазанға дейін жалғасатын 40-шы «MIPCOM» көрмесіне биыл 100-ден астам елден мыңдаған продюсер мен медиа өнімдерін сатып алушылар және 11 мыңға жуық қонақ күтілуде.
Жыл сайын қазан айында Францияның оңтүстігіндегі Канн қаласында өтетін «MIPCOM» көптеген елдің фильм және телехикая секторларының өкілдерін жинайды. «MIPCOM-да» фильм, телехикая, анимация, деректі фильмдер және теледидар форматтары таныстырылады.



Ұқсас жаңалықтар