Вашингтонда түрік мәдениеті таныстырылды
Вашингтонда дәстүрлі Түрік фестивалі өтті.
Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда ұйымдастырылған дәстүрлі Түрік фестиваліне келген мыңдаған адам түрік мәдениетінің, музыкасының және асханасының үздік үлгілерін көру мүмкіндігіне ие болды.
Вашингтон Түрік-Америка Қоғамы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын Түрік фестивалі биыл Пенсильвания көшесінде Конгресс ғимаратының алдында өтті.
Түрік мәдениеті мен асханасының таңдаулы үлгілері таныстырылған фестивальде фольклор тобының өнері, түрік халық музыкасы концерті және түрік республикаларынан келген музыканттардың туындылары көпшіліктің назарын аударды.
Османлы-түрік мәдениетін көрсететін өнімдердің көрмесі де үлкен қызығушылыққа ие болып, қолмен тоқылған түрік кілемдері, Османлы дәуірінің дәстүрлі киімдері мен фарфор бұйымдары келушілер назарынан тыс қалмады. Балалар үшін ойындар да ұйымдастырылған фестивальде қатысушылар музыка және мәдени іс-шаралармен көңіл көтерді.
Аймақта тұратын мыңдаған түріктің қатарында ең алдымен америкалықтар мен басқа да көптеген ұлттың қатысушылары фестивальге үлкен қызығушылық танытты.
Ұқсас жаңалықтар
Тәтті мереке: түрік баклавасы Бакуде таныстырылады
Түркияның әлемге әйгілі түрік баклавасы 15 желтоқсан күні Әзербайжанда таныстырылады.
Дәстүрлі «тулум» аспабы ЮНЕСКО-ның тізімінде
Бұл туралы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді.