Ежелгі Эфес қаласына келетін турист саны артты
Тарихи қала осы жылдың 8 айында 1 миллион 854 мың 220 туристті қабылдаған.
ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енген ежелгі Эфес қаласы осы жылдың 8 айында әлемнің түкпір-түкпірінен және Түркиядан 1 миллион 854 мың 220 туристті қабылдаған.
Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен қолға алынған түнгі мұражай бағдарламасы күн батқаннан кейін де Ежелгі Эфестің қайталанбас сұлулығын көруге мүмкіндік берді. Цельс кітапханасы, Агора алаңы, Кюретес көшесі, Домициан храмы, Траян субұрқағы, 25 мың кісілік үлкен ежелгі театр, стадион және ежелгі порт алаңдарында қолданылған жарық келушілерге ерекше көрініс ұсынады.
Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметі бойынша Эфес 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1 миллион 150 мың 529 туристті қабылдаған. Осы жылдың сәйкес кезеңінде келушілер саны 1 миллион 854 мың 220-ға жеткен.