Тарихи жәдігер туған жеріне оралады

1982 жылы АҚШ-қа жеткен моншақ Түркияның Бостондағы бас консулдығына тапсырылды.

2183279
Тарихи жәдігер туған жеріне оралады
abd-2500 yillik kolye-Turkiye.jpg
abd-2500 yillik kolye-Turkiye-2.jpg
abd-2500 yillik kolye-Turkiye-1.jpg

Түркиядан алып қашырылғаннан кейін Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Бостон қаласындағы бір мұражайда көрмеге қойылған Лидия дәуірінен қалған шамамен 2500 жылдық алтын моншақ Түркияға тапсырылды.

Манисаның Бинтепелер аймағынан алып қашырылған, 1982 жылы АҚШ-қа жеткен моншақ Түркияның Бостондағы бас консулдығына тапсырылды.

Түрік елшілігінің Мәдениет және таныстыру аташесі Хилал Демирел моншақтың 20 см, анар пішіндес тастардан тұратынын айтты. «Туынды біздің дәуірімізден бұрынғы 6- және 5 ғасырлардан қалған. Лидия өнерінің ерекшеліктеріне ие. Бүгінге дейін сақталған бұл жәдігер Маниса мұражайындағы басқа жәдігерлерге қатты ұқсайды» деді ол.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой да 2024 жылы тарихи 20 жәдігердің туған жеріне оралғанын, «Бинтепелер моншағының» 21-ші жәдігер болатынын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар