Паралимпиада ойындары басталды
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында түрік туын екі спортшы көтеріп шықты.
2024 Париж Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты болып өтті.
Паражүзушісі Севилай Өзтүрк пен паратаэквондошы Махмут Бозтеке 17-ші Жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында түрік туын алып шықты.
8 қыркүйекке дейін жалғасатын ойындардың ашылу салтанаты тарихта алғаш рет стадион тысында өтті. 1960 жылдан бері төрт жылда бір рет өтіп, 1988 жылдан бері Олимпиадамен бір қалада өткізіліп келе жатқан ойынның ашылу салтанаты үнемі стадиондарда өтетін.
Ойындардың ашылу салтанаты бұл жолы стадион сыртында өтсе, Францияның әйгілі Елисей көшелерінің басында орналасқан тарихи Конкорд алаңы 4 мыңнан астам спортшыны қабылдады.
Ашылу салтанаты Эйфель мұнарасы артқы жағында көрінетін Конкорд алаңында, 10-нан астам уақытша трибунада шамамен 65 мың көрерменнің алдында өтті. Ашылу салтанаты 3,5 сағатқа созылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ежелгі Эфес қаласына келетін турист саны артты
Тарихи қала осы жылдың 8 айында 1 миллион 854 мың 220 туристті қабылдаған.
Тарихи жәдігер туған жеріне оралады
1982 жылы АҚШ-қа жеткен моншақ Түркияның Бостондағы бас консулдығына тапсырылды.