Түркияда интернет қолдану

«Отбасылардың ақпараттық технологияларды пайдалану сауалнамасы-2024» нәтижелері жарияланды.

2180331
Түркияда интернет қолдану

Биыл Түркияда 16-74 жас аралығындағы адамдардың интернетті қолдану көрсеткіші 88,8 пайызға жетті.

Түркия Статистика институты жүргізген «Отбасылардың ақпараттық технологияларды пайдалану сауалнамасы-2024» нәтижелері жарияланды.

Осы зерттеуге сәйкес, елдегі интернет пайдалану көрсеткіші16-74 жас тобында 88,8 пайызды құраған. Интернет пайдалану деңгейі осы жас тобындағы ерлер үшін 92,2 пайыз, әйелдер үшін 85,4 пайыз болды.

Өткен жылы жеке тұлғалардың жеке мақсатта ресми органдардың сайттары мен қосымшаларын пайдалануы және интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалану көрсеткіші 73,7 пайызды құрады.

2023 жылы 49,5 пайызды құраған электрондық сауда қызметін қолдану көрсеткіші биыл 51,7 пайызға өсті.

Білім беру, кәсіптік немесе жеке мақсатта оқу қызметін алған азаматтардың көрсеткіші биыл өткен жылмен салыстырғанда 13,9 пайызға төмендеді.

Жеке тұлғалар ең көп қолданған әлеуметтік желілер мен хабар алмасу қосымшалары 86,2 пайызбен «WhatsApp», 71,3 пайызбен «YouTube» және 65,4 пайызбен «Instagram» болды.

Адамдар ең көп пайдаланатын жүйелер мен құрылғылардың түрлері кезегімен  47,9 пайызбен интернетке қосылған теледидар, 10,2 пайызбен робот шаңсорғыштар, тоңазытқыштар, пеш, кофе машиналары сияқты тұрмыстық техника және 9,7 пайызбен смарт сағат, көзілдірік, құлаққаптар, қауіпсіздікті бақылау құрылғылары, керек-жарақтар, киім немесе аяқ киім ретінде тіркуелді.



Ұқсас жаңалықтар