Түркия мен Қазақстан қорғаныс саласында ынтымақтастық артып келеді

Қазақстанда Қорғаныс министрлігінің бірінші жартыжылдықтағы қызметі туралы есеп жарияланды.

2173103
Түркия мен Қазақстан қорғаныс саласында ынтымақтастық артып келеді

Түркия мен Қазақстанның қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы артып келеді.

Қазақстанда Түрік аэроғарыш өнеркәсібі АҚ «TUSAŞ»-тың шығарған «ANKA» ауыр класты пилотсыз әуе көліктерінің әскери мақсатты  тәжірибелері жалғасуда.

OTOKAR компаниясы жетілдірген «COBRA II» броньды көліктерінің Қазақстан Қорғаныс министрлігінің инвентарына осы жылдың соңына дейін енуі күтілуде.

ҚР Премьер-Министрлігінің ресми интернет парақшасында Қорғаныс министрлігінің бірінші жартыжылдықтағы қызметі туралы есеп жарияланды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин өзінің бейне көріністі есебінде «Қазақстан Қарулы Күштерінің қару-жарақ, оның ішінде отандық өнімді түгендеу процесін жаңғырту шеңберінде «ANKA» ауыр класты пилотсыз әуе көліктерінің әскери тәжірибелерінің жалғасып жатқанын, биылғы жылы «Арлан» және «COBRA II» броньды доңғалақты көліктерін жеткізілуінің күтілгенін атап көрсетті.

Ағымдағы жылы министрліктің инвентарына 500-ден астам көлік жеткізілгені, 50 дана көліктің болса жөндеуден өткені атап көрсетілген мәлімдемеде жылдың аяғына дейін «SUNQAR» тактикалық және пилотсыз әуе көлігі жүйелеріне қоса, «EVOMax» шағын пилотсыз әуе көлігі құрылғыларының жеткізілетіні хабарланды.

«ANKA» пилотсыз әуе көліктерімен бірге жыл соңына дейін Қазақстан Әуе қорғаныс инвентарының заманауи әскери ұшақтарымен, «А400М» әскери жүк ұшақтары және жоғары дәлдіктегі зымыранды ұшақ қағар құрылғыларымен одан әрі нығайту көзделуде.



Ұқсас жаңалықтар