Ататүрік туған үйге келуші көп

Әсіресе жаз айларында Грекияға демалыс үшін келгендер міндеттен түрде соғып кетеді.

2172609
Ататүрік туған үйге келуші көп

Түркия Республикасын құрушы Мұстафа Кемал Ататүріктің Грекияның Салоники қаласында дүниеге келіп, 7 жасына дейін тұрған үйі  - қазір мұражай.  Сол мұражай-үйге зияраттап келушілер саны өте көп.

1933 жылы сатып алынып, Мұстафа Кемал Ататүрікке сыйға тарту жоспарланған үйдің кілті Түркияның Салоникидегі бас консулдығына 1937 жылы тапсырылған болатын. 1953 жылы келушілерге есігін ашқан мұражай-үй 2012 жылғы ауқымды реставрациядан кейін қазіргі күйіне келді.

Қазір осы мұражайға Түркиядан және әлемнің көптеген елінен қонақтар келеді.  Әсіресе жаз айларында Грекияға демалыс үшін келгендер міндеттен түрде соғып кетеді.

Осы мұражай үйге күніне жүздеген адам келеді.



Ұқсас жаңалықтар