"Türksat 6A" жерсерігі сәтті ұшырылды

Түркияның отандық коммуникациялық жерсерігі «Türksat 6А» АҚШ-тан ұшырылды.

2160840
"Türksat 6A" жерсерігі сәтті ұшырылды

Түркияның отандық байланыс жерсерігі «Türksat 6А» Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Флорида штатындағы Канаверал мүйісі ғарыш күштері станциясынан сәтті ұшырылды.

Түрік инженерлері жасаған «Türksat 6А» ауа райы жағдайларына байланысты ғарышқа Түркия уақытымен 00.20-да емес, 02.30-да «Space X» компаниясына тиесілі «Falcon 9» зымыранымен «№40 - Ұшыру кешенінен» ғарышқа ұшырылды.

Шамамен жарты сағаттан кейін зымыраннан сәтті түрде айырылған «Türksat 6А» серігінен алғашқы байланыс сигналы 67-ші минутта қабылданды.

42 градус шығыс бойлықтағы орбитаға қарай ғарыш сапарын бастаған «Türksat 6А» кемінде 1 айға созылатын орбиталық сынақтардың артына толық жұмыс істей бастайды.

Әлемнен 35 мың 786 шақырым қашықтықта орналасатын «Türksat 6А» 20 Ku-Band транспондерімен қызмет көрсетеді. Қуаты 8,4 киловатт және салмағы 4 мың 229 келі болған «Türksat 6A» арқылы «Türksat» қамтыған қызмет аймағы Үндістан, Таиланд, Малайзия және Индонезия болады.

Жерсеріктің іске қосылуымен Түркия өзінің байланыс жерсеріктері арқылы әлем халқының 65 пайызынан астамына қызмет көрсете алады. Түркияның серіктері арқылы қамтитын тұрғын саны болса 3,5 миллиардтан 5 миллиардқа артты.



Ұқсас жаңалықтар