Горан Брегович Анкарада концерт берді

Өнерпаз 8 шілдеде Чешме ашық аспан астындағы театрда, 12 шілдеде Стамбулда концерт береді.

2160540
Горан Брегович Анкарада концерт берді

Балқан музыкасының атақты өкілі Горан Брегович Түркия турнесінің алғашқы аялдамасы Анкарада музыка сүйер қауыммен қауышты.

«Oran Open Air» сахнасында «The Wedding and The Funeral Band» тобымен концерт берген өнерпаз сахнада сөйлеген сөзінде «Бұл кеште сіздермен бірге болғаныма өте қуаныштымын. Әнге толы кешіңіздің көңілді өтуіне тілектеспін» деді.

Брегович өзінің танымал «Вино Тинто», «Маки Маки» және «Дуж Дудж» атты әндерін орындады.

Қонақтар ән ырғағына би билеп, концерт шамамен 2 сағатқа созылды.

Өнерпаз 8 шілдеде Чешме ашық аспан астындағы театрда, 12 шілдеде Стамбулда концерт береді.



Ұқсас жаңалықтар