Тарихи Қырқпынар майлы күресі аяқталды

Ақтық белдесуде қарсыласын жеңген Юсуф Жан Зейбек екінші рет қатарынан алтын белбеуді жеңіп алды.

2160239
Тарихи Қырқпынар майлы күресі аяқталды

Биыл 663-ші рет өткізілген және ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енген майлы күрес  4 күнге созылды.

752 палуан бақ сынаған іс-шарада Сарайчиде 40 палуан белдесті .

40 бас балуанның арасында финалға өткен есімдер соңғы екі жылдың бас балуаны Мұстафа Таш пен Юсуф Жан Зейбек болды.

Мұстафа Таш ширек финалда Энес Доғанды, жартылай финалда Серхат Гөкменді жеңді.

Юсуф Жан Зейбек ширек финалда Мұстафа Арсланды, жартылай финалда Хусейн Гүмүшаланды жеңіп, финалға шықты.

Ақтық белдесуде қарсыласын жеңген Юсуф Жан Зейбек екінші рет қатарынан алтын белбеуді жеңіп алды.

Жеңімпез балуан келесі жылы Қырқпынарда бас палуан болса, алтын белбеудің мәңгілік иесі болады.

Тарихи іс-шарада  Мұстафа Таш екінші, Серхат Гөкмен мен Хусейн Гүмүшалан үшінші болды.



Ұқсас жаңалықтар