Майкл Джексонның шапаны аукционға шығарылады
Америкалық экстрада жұлдызы Майкл Джексонның ақ-қара түсті былғары шапанының кем дегенде 245 мың долларға сатылуы межеленгені білдірілді.
2049510

Америкалық экстрада әншісі Майкл Джексонның жарнамалық роликте киген әйгілі шапаны қараша айында Ұлыбританияның астанасы Лондонда аукционға шығарылады.
"BBC" арнасының хабарлауына қарағанда 1984 жылы жарнамалық ролик үшін арнайы тігілген және костюмдер мен реквизиттер сатушысы "Propstore" тарапынан аукционда сатылатын Джексонның ақ-қара түсті былғары шапанының кем дегенде 245 мың долларға сатылуы межеленіп отырғаны білдірілді.
Аукционға шығарылатындар арасында Джордж Майкл, Эми Уайнхаус, Дэвид Боуи, Элвис Пресли, Ангус Янг, Джон Леннон және "The Beatles" тобына тиесілі заттар да бар.
2009 жылы қайтыс болған Майкл Джексонға тиесілі естелік заттар бұған дейін мыңдаған долларға сатылған болатын.