Фетхие ауданы әлемде ең жақсы демалыс орындардың бірі

«The Times» газеті Мугладағы Фетхие ауданын қазан айында ең жақсы 10 демалыс орнының арасында екінші орынға қойды.

2046147
Фетхие ауданы әлемде ең жақсы демалыс орындардың бірі

Фетхие қалалық әкімшілігінен жасалған мәлімдемеде «Қазан айында жағажай демалысы үшін ең жақсы орындар» тізімін жариялаған «The Times» газетінің Түркиядан Фетхиені таңдағаны білдірілді.

«The Times» газетінің «Бюджеттік тұрғыда саналы саяхатшылар үшін төмен бағамен демалудың тамаша мүмкіндігі» мақаласында көрсетілген тамаша орындардың тізімі  төмендегідей:

Ибица (Испания), Фетхие (Түркия), Мальта, Занзибар (Танзания), Гоа (Үндістан), Кейптаун (Оңтүстік Африка), Алгарве (Португалия), Ямайка, Тулум (Мексика), Крит (Грекия).



Ұқсас жаңалықтар