Каппадокияны 3 миллионнан астам турист аралады
Невшехир өңіріндегі туризм орталықтарын 3 миллион 53 мың 827 турист аралады.

Түркияның маңызды туризм аймақтарының бірі Невшехир Каппадокиядағы мұражайлар мен пері мұржалары қаңтар-тамыз кезеңінде 3 миллион 53 мың 827 туристті қабылдады.
Губернаторлықтан жасалған мәлімдемеге қарағанда пери мұржалары, әуе шарлары, жер асты қалаларымен, жартастардан қашалған қонақүйлері және шіркеулерімен әйгілі Каппадокия аймағындағы орталықтарды 3 миллион 53 мың 827 отандық және шетелдік турист аралады.
Аймақтық Мәдениет және туризм басқармасына қарасты мұражайлар арасында «Хажыбекташ Уәли» мұражайы 285 мың 200 адаммен ең көп келуші келген орын болды.
«Зельве» қирандыларын 109 мың 14 жергілікті және шетелдік турист, «Гөреме» ашық аспан мұражайын болса 100 мың 565 турист тамашалады.
Өңірде зиярат еткен орталықтар өткен жылдың бірдей уақытымен салыстырғанда 2 миллион 544 мың 909 жергілікті және шетелдік туристті қабылдады.