Сауд Арабиясы Құрбан айт 28 маусымда басталатынын хабарлады

Хижри күнтізбесі бойынша Құрбан айт зул-хижжа айының 10 күні таң намазының уақыты кіргеннен кейін басталып, 13-ші күннің екінті намазының уақытында аяқталады.

2001464
Сауд Арабиясы Құрбан айт 28 маусымда басталатынын хабарлады

Сауд Арабиясы бүгін зуль-хиджа айының бірінші күні және Құрбан айт 28 маусымда басталатынын хабарлады.

Сауд Арабиясының ресми агенттігі "SPA" хабарына қарағанда Сауд Арабиясының Жоғарғы соты зул-хижжа айының басталғанын білдіретін жарты айдың көрінгенін мақұлдады.

Осыған сәйкес бүгін қажылық орындалатын зуль-хижжа айының бірінші күні екені және зул-хижжа айының 9-шы күні қарсаңында, яғни 27 маусымның ғарафа күні, ал 28 маусым Құрбан айттың бірінші күні болып қабылданатыны жарияланды.

Хижри күнтізбесі бойынша Құрбан айт зуль-хижжа айының 10 күні таң намазының уақыты кіргеннен кейін басталып, 13-ші күннің екінті намазының уақытында аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар