Таэквондо құрамасы - әлем чемпионы

Түрік  таэквондошылар тарихта алғаш рет әлем чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды.

1995419
Таэквондо құрамасы - әлем чемпионы

Түркияның таэквондодан әйелдер құрамасы әлем чемпионы атанды.

Әзербайжанда өткен 2023 жылғы таэквондодан әлем чемпионатында Түркия әйелдер арасында командалық деңгейде бірінші орынды иеленсе, ерлер арасында  үшінші орын алды.

Бакуде 45 елден 949 спортшы қатысқан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Таэквондо тарихындағы ең жақсы әлем чемпионатын бастан өткерген Түркия айтарлықтай табыстарға жетті.

Түрік  спортшылар чемпионатты 6 медальмен аяқтады, оның үшеуі алтын.

Түрік  таэквондошылар тарихта алғаш рет әлем чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды.

Тарихи нәтижелерге қол жеткізген ел спортшыларының жетістігі командалық рейтингте де көрініс тапты. Мерве Динчел мен Нафия Куш алтын, Хатиже Күбра Илгүн қола медаль алып, Әйелдер ұлттық құрамасы әлем чемпионы атанды.

Осылайша Түркия өз тарихында тұңғыш рет команда  ретінде әлем чемпионы атанды.

Хакан Речбер алтын медаль, Гөркем Полат пен Эмре Куталмыш Атешли қола медаль алған Ерлер Ұлттық құрамасы да үшінші орынға қол жеткізді.

Түркия ұлттық құрамаларының жаттықтырушысы Али Шахин 2023 жылы таэквондодан әлем чемпионатының үздік бапкері сыйлығымен марапатталды.

Алтын медаль алған Мерве Динчел чемпионаттың ең құнды әйел спортшысы атанды.

Президент Режеп Тайып Ердоған таэквондодан әлем чемпионатында медаль алған спортшыларды құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар