Ердоғанның кітабы Қызыл алаңда таныстырылды
Президент Ердоғанның «Тіпті әділетті әлем орнатуға болады» атты кітабы Мәскеудегі Қызыл алаңда таныстырылды.
Ресейдің бас қаласы Мәскеудегі әйгілі Қызыл алаңда Президент Режеп Тайып Ердоғанның «Тіпті әділетті әлем орнатуға болады» атты кітабы таныстырылды. Бұл кітап үлкен қызығушылық тудырды.
Ердоғанның орыс тіліне аударылған кітабы Қызыл алаңда өткен 9-шы кітап фестивалінде алғаш рет орыс оқырмандарына ұсынылды.
Кітап көрмеге қойылған стенд алдында Ресей азаматтары сап түзеп, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Ел көлемінде 600 кітап таратылды.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның «Тіпті әділетті әлем орнатуға болады» атты кітабы Ресейдің алдыңғы қатардағы кітапханаларына, университеттердің саясаттану және халықаралық байланыстар бөлімдеріне, азаматтық ұйымдарға, ғылыми орталықтарға және университеттердің түркология бөлімдеріне жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар
Түрік елші жыл дипломаты атанды
Осман Корай Ерташ «Еуразия және Балқан аймағының жыл дипломаты» сыйлығына лайық деп танылды.