Аргентинада «Түрік тағамдары апталығы» өтті

Аргентинада түрік асханасының дәмді тағамдары қонақтарға ұсынылды.

1991578
Аргентинада «Түрік тағамдары апталығы» өтті

Аргентинада «Түрік тағамдары апталығы» арқасында мыңдаған жылдық тарихқа ие, әртүрлі өркениеттердің ізі бар түрік тағамдарының  байлығы таныстырылды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоғанның жетекшілігімен Мәдениет және туризм министрлігі дайындаған «Жүз жылдық рецепті бар түрік тағамдары» кітабы негізінде «Түрік тағамдары апталығы» аясында 21-27 мамыр аралығында әлемнің әртүрлі географияларында гастродипломатия шаралары өтуде.

Түркияның Буэнос-Айрестегі елшілігі, Буэнос-Айрес Юнус Эмре институты және Түрік Әуе Жолдары серіктестігімен бір апта бойы шеф Али Ачыкгүлдің қатысуымен Аргентинада түрік тағамдары насихатталды.

Мың жылдан астам мәдениеттің, дәстүрдің, әлеуметтік мұраның, тарих пен терең тәжірибенің жемісі болып табылатын бай түрік асханасының дәмді тағамдары қонақтарға ұсынылды.



Ұқсас жаңалықтар