Альпинистер тобы Эверест шыңына шықты

«Цинхай-Тибет үстірті» ғылыми зерттеу жобасына 170 ғалым қатысуда.

1990141
Альпинистер тобы Эверест шыңына шықты

Қытайлық зерттеушілерден құралған альпинистер тобы Эверест шыңына шықты.

Синьхуа агенттігінің хабарына қарағанда, 2017 жылы Қытай бастамасымен қолға алынған «Цинхай-Тибет үстірті» ғылыми зерттеу жобасы аясында аймақта жұмыс істейтін 12 адамнан тұратын топ кеше түстен кейін шыңға жетті.

8 830 метр биіктіктегі метеорологиялық бақылау станциясында техникалық қызмет көрсету және техникалық құралдарды жаңартудан кейін альпинистер тобы қар мен мұз үлгілерін жинау үшін 8 848 метр биіктікке көтерілді.

Тау шыңынан жиналған сынамаларда ауаның ластануының әсері, әсіресе ластаушы заттардың жаңа түрлері зерттеледі.

«Цинхай-Тибет үстірті» ғылыми зерттеу жобасына 170 ғалым қатысуда.

Қытай мен Непал ғалымдарының 2020 жылы жүргізген бірлескен зерттеуінің нәтижесінде әлемдегі ең биік нүкте Эверест шыңы 8 848 метр 84 сантиметр ретінде тіркелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар