Гватемалада 417 ежелгі Майя қаласы табылды

АҚШ ғалымдары 177 шақырымдық «автожолдармен» жалғанған 3 мың жыл бұрынғы 417 қаланы тапқандарын хабарлады.

1989229
Гватемалада 417 ежелгі Майя қаласы табылды

Гватемала орманында біздің дәуірімізге дейінгі 1000 жылдарға жататын 417 ежелгі Майя қаласы табылды.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен Гватемала бірлескен археологиялық зерттеуіндегі ғалымдар "Вашингтон порт" газетіне берген сұхбатында 177 шақырымдық «автожолдармен» жалғанған 3 мың жыл бұрынғы 417 қаланы тапқандарын хабарлады.

Бұл жаңалық тарихшыларды ежелгі Майя өркениеті туралы білетіндерін қайта қарауға мәжбүр етеді.

«Вашингтон пост» газетінің жазғанына қарағанда жолдар мен қалалар желісінің, гидравликалық жүйелер мен ауылшаруашылық инфрақұрылымының ашылуы Орталық Америкада өмір сүрген қауымдастықтар бұрын межеленгеннен әлдеқайда дамығанын көрсетеді.

Жетілдірілген радар технологиясымен мыңдаған жылдар бойы қалың орман жамылғысының астында жасырылған құрылымдардың ашылуы және картасының жасалуымен Америка құрлығының тарихы туралы бұрынғы түсініктер өзгеруі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар