TRT 59 жаста
Түркияның көру және есту жады Түркия телерадио корпорациясы «TRT» 59 жаста.

TRT жарты ғасырдан астам тәжірибесі және тарихқа куәлік ететін жауапты хабар тарату тәсілімен, әртүрлі тілде хабар тарататын теле және радио арналары арқылы Түркияның үні мен күшін әлемге жариялайды.
TRT дұрыс және бейтарап қоғамдық хабар тарату қызметін атқаратын жалғыз сенімді мекеме болуды жалғастыруда.
TRT Радио хабарын 1927 жылы 6 мамыр күні, телеарнадағы эфирлерін 1968 жылы 31 қаңтар күні бас қала Анкарадағы «Митхатпаша» студиясынан алғаш рет бастады.
ТРТ экранында ғарышкерлердің Айға алғаш қадамдары жылдар бойы жарияланды.
1974 жылы 20 шілде күні басталған «Кипр Бейбітшілік операциясы» алғаш рет Түркия мен бүкіл Еуропаға TRT арқылы хабарланды.
Бүгін «TRT Haber» көрнекті хабарлары және арнайы жаңалықтарымен өз орнын сақтай отырса, жан-жақты мазмұны және халықаралық оқиғаларды «TRT World» халықаралық қоғамға таратуда.
Аймақтағы оқиғалар «TRT Arabic» және «TRT Kurdi» арқылы көрерменнің назарына ұсынылады.
«TRT Avaz» Орталық Азиядан Таяу Шығысқа, Балқаннан Кавказға дейін 250 миллион тұрғыны бар жағрафияға хабар таратса, цифрлық хабар тарату арналары арқылы TRT әртүрлі тілде сол аймақтарға үн қатады.
Мәдениет пен өнер әлемі «TRT 2», технология және білім бағдарламалары «TRT EBA» арқылы көрерменге ұсынылады.
Спорт сүйер қауым «TRT Spor» және «TRT Spor Yıldız» экранда бас қосады.
«TRT Çocuk» барлық бәсекелестерді артта қалдырып, экранда балалардың басын біріктіреді.
«TRT Çocuk Kitaplık» (ТРТ Бала кітапханасы), «TRT Bil Bakalım» (ТРТ Дұрыс жауапты айт) және «TRT Oyun Dünyası» (TRT Ойын әлемі) бағдарламаларымен жаңа медиа саласында серпілістер жалғасуда.
Үлкен қызығушылық тудыратын түрік телехикаялары мен жүлделі деректі фильмдер TRT арналарының ең жоғары рейтингіне ие.
Ұқсас жаңалықтар

Түрік волейболшы қыздары елге оралды
Ұлттық әйелдер волейбол құрамасы салтанатты түрде қарсы алынды.

Ғарыш көлігі қайта оралды
Салмағы шамамен 250 грамм болатын үлгіні әкелген капсула Юта шөліне келіп қонды.