Бурсада технология фестивалі басталды

Жарыс жеңімпазы 500 мың лира көлемінде сыйлық алады.

1975608
Бурсада технология фестивалі басталды

Бурсада Авиациялық ғарыш және технология фестивалі "Teknofest" аясында  ұшқышсыз әуе көлігі жарысы басталды.

Іріктеу кезеңінде орта және жоғары оқу орындарынан 754 топ өтініш білдірген. Финалға біреуі орта мектептен, жалпы 22 топ тіркелді.

Жарысқан топтар жауынгерлік терминологияда «ит таласы» деп аталатын қиын міндетті орындау үшін жарыса бастады.

Жарыс жеңімпазы 500 мың лира көлемінде сыйлық алады.

Екінші топтың жүлдесі 350 мың лира, үшінші жүлдесіне 250 мың лира беріледі.

Юнусели әуежайындағы соғысқан ұшқышсыз әуе көлігі жарысы 19 сәуірде аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар