Жасанды интеллект қаупі

Ғалымдар ескерту жасады.

1967603
Жасанды интеллект қаупі

Ғалымдар жасанды интеллект модельдерін жетілдіру жарысының қаупі жөнінде ескерту жасады.

Арасында америкалық технология кәсіпкері Илон Маск те бар мыңнан астам маман жасанды интеллектке қарсы хатқа қол қойды. Осы хат Лондондағы «Institute for the Future of Life» тарапынан жарияланды.

Хатта «Мықты жасанды интеллек жүйелері тек ықпалы жағымды болатын және рисктерін басқара алатын жағдайда ғана, дұрыс, сенімді, ашық, үйлесімді болғанда ғана жетілдірілуі керек» деп айтылды.

Осы хатқа қол қойғандар арасында Илон Маск,  «Apple» технологиялық фирмасының құрушыларының бірі Стив Возниак және тарихшы Ювал Ноах Харрари секілді танымал тұлғалар бар. Еркін мамандық иесі болу және қате мәліметтің артуы – хатта назар аударылған негізгі уайымдардың екеуі ғана.

Жасанды интеллект технологияларының жетілдірілуі үшін GPT 4 және осыған ұқсас әдістердің «қоғамға ашық және расталуы мүмкін» болуы керек.

Хатта «Бұл жылдам шешілмесе, үкіметтер араға кіруі керек» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар