Солтүстік Македония Түрік мәдениет орталығы құрылады
Солтүстік Македония үкіметі Солтүстік Македония Түрік мәдениет орталығын құру туралы шешім қабылдады.

Солтүстік Македония үкіметі кеше өткен Министрлер кеңесінің 140-шы отырысында Солтүстік Македония Түрік мәдениет орталығын құру туралы шешім қабылдады.
Солтүстік Македонияның түрік текті Саяси жүйе және қауымдастық аралық байланыстар министрінің орынбасары Кабир Доко әлеуметтік желідегі парақшасында «Солтүстік Македония Түрік мәдениет орталығының» құрылуы туралы шешім қабылдағандарын жариялады.
Алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруды жалғастырғандарын атап көрсеткен Доко «Табанды, тыңғылықты және белсенді жұмыстың нәтижесінде партиямыздың сайлау бағдарламасындағы маңызды жобаны жүзеге асырғанымызға қуаныштымыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Шіркеулерді сақтап қалу үшін көмек сұрады
Макрон елдегі мәдени жәдігерлерді қорғау үшін ауқымды көмек науқанын бастауға тапсырма берді.

Рифф Коэн Түркияда концерт береді
Рифф Коэн Анкарадағы концертінде әндерін ағылшын, француз, араб және иврит тілдерінде орындайды.