Кофе ішу қозғалысты арттырады

Зерттеу барысында кофенің көп ішілуі көбірек қозғалыс әкелгенімен, ұйқының уақытын азайтатыны анықталды.

1966279
Кофе ішу қозғалысты арттырады

Күніне кем дегенде бір кесе кофе ішу көбірек қозғалыс жасауға және ұйқының азаюына себеп болады. 

"CNN" хабарына қарағанда Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) жүргізілген соңғы зерттеулердің нәтижелері кофе ішудің пайдалы және пайдасыз жақтарын анықтағанын білдірді.

Зерттеушілер Калифорнияның Сан-Франциско аймағындағы орташа 39 жастардағы 100 дені сау ересек адамды бақылаған.

Қатысушылар қадамдары мен ұйқысын бақылайтын құрылғылармен және қандағы қант пен жүрек ырғағын бақылайтын электрокардиограмма құрылғыларымен жабдықталған.

Әрбір қатысушыға кездейсоқ түрде екі күн бойы қалауынша кофе ішу, содан кейін екі күн кофе ішпеу, осы әдісті екі апта бойы қайталау тапсырылған.

Қатысушылардың кофе ішкен күндері ішпеген күндермен салыстырғанда орташа есеппен 1058 қадам көп жүргені байқалды. Бірақ сол күндері қатысушылар кем дегенде 36 минут аз ұйықтаған.

Зерттеу барысында кофенің көп ішілуі көбірек қозғалыс әкелгенімен, ұйқының уақытын азайтатыны анықталды.



Ұқсас жаңалықтар