"ULAK" алғашқы сынақтан өтті

"ULAK" ұлттық базалық станциясының "Anka" ұшқышсыз әуе көлігімен үйлестірілгені білдірілді.

1965202
"ULAK" алғашқы сынақтан өтті

"ULAK" отандық және ұлттық базалық станциясы "Anka" ұшқышсыз әуе көлігі арқылы алғаш рет "4.5G" қызметін көрсетті.

Президенттік аппараттың Қорғаныс өнеркәсібі ұйымының төрағасы Исмаил Демир "ULAK" ұлттық базалық станциясының "Anka" ұшқышсыз әуе көлігімен үйлестірілгенін хабарлады.

Демир Twitter-дегі парақшасында жобаның барысы туралы ақпарат берді.

Исмаил Демир: «Жоба аясында алғашқы сынақ ретінде ұшыру мен ашық желідегі алғашқы дыбыс және бейне байланысы жүзеге асырылды. Құтты болсын» деді.                                               



Ұқсас жаңалықтар