Түркияға келген турист саны артты
Түркия биылдың алғашқы 2 айында шамамен 4 миллион шетелдік турист қабылдады.

Мәдениет және туризм министрлігі 2023 жылдың алғашқы 2 айына бағытталған туризм деректерін жариялады.
Бұған қарағанда аталмыш кезеңде Түркия 3 миллион 876 мың 381 шетелдік келушіні қабылдады, екі айлық кезеңде келушілердің өсім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 37,31 пайызға өсті.
Ресей 105,99 пайызбен қаңтар және ақпан айларында Түркияға ең көп келуші жіберген ел болды.
Болгария 33,19 пайыз өсіммен екінші, Германия 24,6 пайыз өсіммен үшінші орын алды. Иран мен Грузия да кезегімен ең көп турист келген елдердің қатарында.
Алғашқы екі айда Ресейден 507 мың 513, Болгариядан 318 мың 11, Германиядан болса 288 мың 124 адам қонақ болды.
Ақпан айында өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 21,35 пайыз артып 1 миллион 870 мың 414 шетелдік Түркияға қонақ келді.
Ақпан айында Ресейден 227 мың 965, Болгариядан 150 мың 873, Германиядан 148 мың 169 адам Түркияға кірді.
Ресей ақпан айында Түркияға ең көп қонақ жіберген елдер тізімінде 103 пайыздық өсіммен бірінші, Болгария 17,14 пайыздық артумен екінші, Германия да 15,16 пайыз өсіммен үшінші орын алды.
Германиядан кейін Иран мен Грузия тұр.
Ұқсас жаңалықтар

Токиода ойын және ойыншықтар жәрмеңкесі басталды
Токиода Жапониядағы ең ірі ойын және ойыншықтар жәрмеңкесі басталды.